Есектің терісін сыдырып әкету көбейді
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жайылма ауылының тұрғыны бірнеше есегін біреулер ұрлап сойып, терісін сыдырып әкеткенін айтады. Ол жергілікті полицейлерді "бұл оқиғаны тексеріп, айыптыларды анықтау мақсатында ешқандай жұмыс істемейді" деп айыптайды. Ал аудандық ішкі істер басқармасы іздестіру шаралары жүріп жатқанын айтады.