Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы қалада болған 5 маусым күнгі атысқа қатысушыларға үкім шықты. Билік "теракт" деп таныған қарулы шабуылдан соң түрлі айып тағылған 29 адамның жетеуі сот үкімімен өмір бойы бас бостандығынан айырылды.