Accessibility links

Алматыда жер сілкінісінің қаупі қандай?


Көктөбеден қарағандағы Алатау баурайы. (Көрнекі сурет).
Көктөбеден қарағандағы Алатау баурайы. (Көрнекі сурет).

Бүгінгі AzattyqLIVE хабарында «Алматыда жер сілкіну қаупі қандай?» деген тақырып талданды. Хабар қонағы сейсмология институты директоры Таңатқан Абақанов болды.

Қарашаның 25-і күні Алматы тұрғындарының ұялы телефондарына «қала аумағында екі-үш балдық жер сілкінісі тіркелгені» жөнінде хабарлама келді. Жер тербелісінің эпицентрі Алматы қаласынан 489 шақырым қашықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында болған. Қуаты Таразда -үш балл, Шымкентте екі-үш балл аралығында сезілген.

Алматы қаласында 19-ғасырдың аяғы және 1911 жылы бірнеше жойқын зілзала болған. Мұнан соң қала сейсмикалық қауіпті аймақ ретінде танылған. Тарихи деректерге қарағанда, 1911 жылғы жер сілкінісі 9 -10 балға жетіп, Верныйдағы (Алматының сол кездегі атауы - ред.) көптеген ғимараттардың қатты зардап шеккені айтылады.

Алматыдағы сейсмология институтының жер сілкіністері жөнінде болжамдары қандай? Тұрғындардың телефондарына жер сілкінісі болғаны туралы хабарлама жіберу нені аңғартады? Сейсмология институты қауіпті алдын-ала болжай ала ма? Институт өткен жылы уәде еткен «Алматының сейсмологиялық картасы» қашан дайын болады? Осы және өзге де сауалдарға сейсмология институты директоры Таңатқан Абақанов жауап берді.

XS
SM
MD
LG