Accessibility links

Бас прокуратурада наразы адам өз-өзіне от қойды


Астанадағы бас прокуратура ғимараты
Астанадағы бас прокуратура ғимараты

Астанада бүгін бас прокуратура алдында сот шешіміне келіспеген наразы әйел өзін-өзі өртеді деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Әйел жараланып ауруханаға түскен.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқиға түскі сағат 12 шамасында прокуратура кеңсесінің тексеру-өткізу пунктінде болған. 1968 жылы туған наразы әйел М.Рысманова үш адаммен бірге пунктке келгенде сырт киімін шешіп, үстіне бензин шашып, от қойған. Прокуратура кеңсесінің қызметкерлері дереу өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша әйел оқиға болғанға дейін өз-өзін өртейтін ниеті барын білдірмеген.

Ресми мәлімет бойынша, әйелдің өз-өзін өртеуіне 1988 жылы туған ұлы Е.Ахметовті соттауға қарсылық себеп болған. Прокуратура наразы әйелдің сот шешіміне қатысты шағымы қарашаның 28-і күні түскенін, оның уәжін тексеру үшін соттан ұлына қатысты қылмыстық істі сұратқанын айтады.

Прокуратура Ахметовті Жамбыл облысы Шу аудандық соты 2015 жылы 15 маусымда "аса ірі көлемде есірткі сақтады" деген айыппен 4 жыл 6 айға соттаған. Жамбыл облыстық сотының апелляциялық алқасы 2015 жылы 20 тамызда Ахметовтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмаған.

XS
SM
MD
LG