Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда билік бөлінісі мәселесіне қатысты тиісті заңдар мен конституцияға өзгеріс енгізу қажетін мәлімдеді.
Астанада өткен тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Назарбаев тәуелсіздік кезеңі "жаңа мемлекет құруда табысқа ең алдымен күшті президенттік биліктің арқасында қол жеткенін көрсеткенін" айтты. Назарбаев Қазақстанда басқарудың президенттік формасы орныққанын және солай болып қала беретінін жеткізді.
"Сонымен қатар, президент, үкімет пен парламент арасындағы билікті қайта бөлу мәселесін қарастыратын уақыт жетті. Арнайы комиссия бұл мәселелерді зерттеп, тиісті заңдарға, бәлкім конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасауы тиіс" деді Назарбаев.