Қазақстан азаматтары бүгіннен бастап АҚШ-қа 10 жыл мерзімге бірнеше рет баруға болатын виза ала алады деп хабарлады АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігі. Виза ақысы - 160 АҚШ доллары.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі дерегінше, қазақстандықтар 2016 жылдың 29 желтоқсанынан бастап АҚШ-қа іскерлік, жеке және туристік мақсатта 10 жылға дейінгі мерзімге берілетін виза ала алады.
Қазақстан да АҚШ-тан туристік және іскерлік мақсатпен келетін адамдарға 10 жылдық виза беруді қарастырып жатыр. АҚШ азаматтары 2017 жылдың 1 қаңтарынан бері Қазақстанға 30 күн мерзімге визасыз кіре алады.