Қонаев қалай бағаланып жүр?
12 қаңтар - Дінмұхаммед Қонаевтың туған күні. Қазақ ССР-ін ширек ғасырдай уақыт басқарған басшының бүгінгі насихаты туралы қоғамда түрлі пікір қайшылығы бар. Саясаткер Серікболсын Әбділдин «Қонаев есімінің көп айтыла бермеуі - бүгінгі билікке жағынудың көрінісі» десе, басқа сарапшылар насихат шараларына ешқандай кедергі жоқ дейді.