Феминизм тарихы: әйелдер не үшін күреседі?
Әйел теңдігін талап еткен алғашқы белсенділер өздерін суфражеттер деп атаған. Олар әйелдер сайлау кезінде дауыс беруі үшін күрескен. Бұл құқықты алғашқы болып Жаңа Зеландия әйелдері 1893 жылы алған. Ресейде әйелдер Қазан төңкерісінен кейін, Еуропада Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана дауыс беру құқығына ие болды.