Accessibility links

Блогер Жанар Ахмет Қазақстаннан Украинаға қашып барған


Борисполь әуежайындағы ұшақтар. 21 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет.)
Борисполь әуежайындағы ұшақтар. 21 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет.)

Алматыда тұратын, биліктің пробациялық бақылауындағы блогер Жанар Ахмет Қазақстаннан Украинаға қашып барғаны жайлы Facebook әлеуметтік желісінде тараған өзі туралы ақпаратты Азаттық тілшісіне телефон арқылы растады. Тоғыз жасар ұлымен бірге наурызың 17-і кешке Киевке ұшақпен жеткен оны Борисполь әуежайында Киевке бұған дейін қашып барған қазақстандық азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев қарсы алған.

Жанар Ахмет Қазақстаннан қашуына соңғы айларда бірнеше мәрте әкімшілік сотқа тартылуы себеп болды деп түсіндіреді. Блогер тергеу органдары оған «заңсыз ұйым құру» туралы қылмыстық іс бойынша өз-өзін өртеуге даярлықты бейнелейтін видеоролик таратты деген айып тақпақшы болды дейді. Бұған дейін қылмыстық іс бойынша сотталған Жанар Ахмет түрмеден шартты түрде босап шыққаннан кейін пробациялық бақылауда болған. Осыған байланысты ол өзін тағы да түрмеге отырғыза ма деп қауіптенетінін айтады.

Жанар Ахметтің айтуынша, ол наурыздың 15-іне қараған түні Алматыдан шығып, наурыздың 16-сы таңғы сағат төрт кезінде Бішкекке барған және бір тәуліктен соң Бішкектен ұшаққа отырып, Стамбул арқылы Киевке жеткен.

Блогер Жанар Ахмет әлеуметтік желілер арқылы қазақстандық биліктің атына сыни пікірлерді жариялап, тарататын белсенді ретінде танылған.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG