Петербургтегі шеру: "Мал емеспіз!"
Петербургте өткен антикоррупциялық митингіге 7 мыңдай адам жиналды. Жергілікті билік митингіге рұқсат бермеген. Сондықтан, Петербургтегі Навальный штабы жұртты "Халықты азат ету" қозғалысы өткізетін "Дәстүрлі құндылықтарды қорғау" акциясына шақырған. Алаңға негізінен бұрын оппозиция шараларына қатыспаған жастар жиналды. Олар "Димон, (Дмитрий Медведев - ред.) неге ұрлайсың!", "Ұрылар кетсін!", "Импичмент!", "Біз мал емеспіз!" деп ұрандатты. Полиция жүздеген адамды ұстады.