Қазанда қос ханның сүйектерін қайта жерледі
Мамырдың 19-ы күні Татарстан астанасында Махмуд хан мен Мұхаммедәмин ханның сүйектерін мұсылман рәсімімен қайта жерледі. Жерлеу рәсіміне қатысушылар арасында Татарстанның бұрынғы және қазіргі жетекшілері де болды. Бұл екі ханның сүйектері 1977 жылы Қазан Кремлінде табылғаннан кейін ұзақ жылдар бойы тарих институтының археология музейінде сақталып келген. Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметінің видеосы.