"Советтік партия қайраткерлері тасада қалды"
Тарих ғылымдарының кандидаты Перизат Сәдуақас сталиндік репрессия құрбандарын зерттеу жайы қазір қай деңгейде екені туралы айтты. Оның атасы Жанайдар Сәдуақасов (1898-1938) совет үкіметі орнаған жылдары әділет халық комиссары, республика прокуроры, қаржы халық комиссарының орынбасары, халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары сияқты жауапты қызметтер атқарған, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болған. Кейін ұсталып, атылған.