Accessibility links

БҚО-да департамент шенеунігі "пара алу" күдігімен ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Батыс Қазақстан облысында облыстық мемлекеттік кіріс департаменті қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тергеу басқармасының заңсыз ұйымдарды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлімінің жетекшісі Н.М.Урналиев "пара алу" күдігімен ұсталды.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Батыс Қазақстан облыстық департаментінің хабарлауынша, шенеунік 13 шілдеде "жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтату және оған қамқорлық жасау үшін берілетін параның қалған 25 миллион теңгесін алу үстінде" ұсталған.

Бюро параның жалпы көлемі 101 миллион теңгені құрайтынын айтады.

Күдікті Оралдағы ішкі істер департаментінің тергеу абақтысына қамалған, қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG