Қайназар мұғалімдерінің наразылығы басылмай тұр
Алматы облысы Жамбыл ауданы Қайназар орта мектебінің мұғалімдері кезекті рет наразылық білдірді. Олар аудандық оқу бөлімінің басшысы "мектеп мұғалімдерінің білімі төмен, көбі Қарақалпақстаннан келген" деп жалған ақпарат айтты деді. Ал оқу бөлімінің басшысы "жаңсақ айтсам кешірім сұраудан қашпаймын" дейді. 8 тамыз 2017 жыл