Жемқорлық айыбымен сотталған экс-премьер Ахметов мерзімінен бұрын бостандыққа шықпақ
Коррупциялық қылмысы үшін түрмеде отырған Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріне өзгертілді. 2015 жылғы желтоқсанда сот оны "мүлікті иеленіп кеткен", "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан" және "қызмет өкілеттігін теріс пайдаланған" деген айыптар бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырған. Кейін апелляциялық сот жаза мерзімін 8 жылға азайтып, онан соң рақымшылық туралы заңға сәйкес ол тағы 1 жыл 7 айға кемітілген. Серік Ахметов сот барысында өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған. Орыс тіліндегі "Осы шақ" бағдарламасының видеосы.