Accessibility links

Ақышев: Қаржы нарығындағы жағдай дұрысталып келеді


Данияр Ақышев, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы.
Данияр Ақышев, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Астанащда үкімет отырысында ішкі валюта нарығындағы соңғы айда "тым құбылмалы болған" жағдай біртіндеп "тұрақталып келе жатқанын" айтты.

"Ұлттық валютаның жақын келешектегі бағамын анықтайтын негізгі факторлар теңгенің нығаюына жағдай жасап тұр" деді Ақышев.

Ол Ұлттық банктің алтын және валюта қоры 2017 жылғы қыркүйектің соңында 10,2 пайыз ұлғайып, 33 миллиард долларға дейін жеткенін, ал жалпы халықаралық резервтері 89 миллиард долларды құрағанын айтты. Ақышевтің сөзінше, коммерциялық банктердегі теңгеде ашылған депозиттер жыл басынан бері 6 пайызға артып, шетел валютасымен салынған депозит 10 пайызға азайған.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік саудада доллардың орташа бағамы 333 теңге 36 тиын болды. Қазанның басында доллар бағамы 345 теңгеге дейін жеткен.

XS
SM
MD
LG