Accessibility links

Айдын Егеубаев ісі бойынша жәбірленуші сотқа келмеді


Айдын Егеубаев, азаматтық белсенді. Астана, 12 қазан 2017 жыл.
Айдын Егеубаев, азаматтық белсенді. Астана, 12 қазан 2017 жыл.

"Бәтуа" компаниясының құрылтайшысы, астаналық белсенді Айдын Егеубаевті "абыройым мен қадыр-қасиетімді қаралады" деп сотқа берген Нұрлан Биялдилов сәрсенбіде шағымы қаралған Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотына келмеді.

18 қазанда өткен сотта судья Болат Пазылов жәбірленуші тергеуге қатысуы міндетті болғаны сияқты сотқа міндетті түрде келсін деп мәлімдеген болатын. Бірақ бүгінгі сотта Биялдиловті сотқа шақыртуды талап етпеді. Оның мүддесін сотта адвокаты қорғайды.

Кәсіпкер Нұрлан Биялдилов Айдын Егеубаевтың үстінен "абыройы мен қадыр-қасиетін қаралайтын және "Бәтуа" компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жала жабу сипатындағы мәлімет таратты" деп айыптап, шағым түсірген. Шағымданушылар соттан белсендіден 87 миллион теңге (шамамен 261 мың доллар) материалдық шығын мен моральдық зардап ретінде тағы бір миллион теңге (шамамен 3 мың доллар) өндіріп беруді талап етеді. Егеубаев өзінің айыбын жоққа шығарады.

Бүгінгі сотта Айдын Егеубаев түскен видеожазба қаралды.

Жеке айыптау шағымында Newtimes.kz сайтында "қытайлықтар Қазақстан жерін ендігі иеленіп алғаны туралы" мақала шыққаны айтылады. Шағымда сонымен қатар "Бәтуа" компаниясын құрушылар қатарында Қытай азаматы жоғы" да айтылады. Шағымданушы белсенді компанияда қытайлық азамат барын айтып, компания беделіне нұқсан келтірді дейді.

Айдын Егеубаевтің ісі бойынша сот 1 қарашада жалғасады.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG