Accessibility links

Сот Айдын Егеубаевтің бостандығын екі жылға шектеді


Белсенді Айдын Егеубаев сот үкімінен соң адвокатымен сөйлесіп тұр. Астана, 2 қараша 2017 жыл.
Белсенді Айдын Егеубаев сот үкімінен соң адвокатымен сөйлесіп тұр. Астана, 2 қараша 2017 жыл.

Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында белсенді Айдын Егеубаевқа қарсы шағым бойынша сот үкімі шықты. Судья Болат Пазылов Егеубаевты "кәсіпкер Нұрлан Биялдиловтің абыройы мен қадыр-қасиетін қаралайтын және "Бәтуа" компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жала жабу сипатындағы мәлімет таратты" деп айыптап, бас еркіндігін екі жылға шектеуге және 100 мың теңге "моральдық өтемақы" төлеуге үім кесті. Судья 87 миллион теңгеден астам (шамамен 261 мың доллар) материалдық шығын өндіріп беру туралы азаматтық шағымды қарамай тастады. Үкім оқылған кезде сот залында отырған Егеубаевтың туыстары мен жақтастары "Масқара!", "Сатқын сот"! деген сөздер айтып жатты.

Егеубаевтің адвокаты Фатима Берсанова сот мұндай үкім шығарады деп күтпегенін, үкімге шағымданатындарын айтты.

1 қарашада өткен жарыссөзде шағымданушы адвокаты Аида Кураметова соттан Егеубаевті "кәсіпкер Нұрлан Биялдиловтің абыройы мен қадыр-қасиетін қаралайтын және "Бәтуа" компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жала жабу сипатындағы мәлімет таратқаны" үшін қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салып, қылмыстық жауапқа тартуды сұраған.

Адвокат Аида Кураметова "Егеубаев жүргізетін мұндай қоғамдық қызмет "Бәтуа" компаниясына ғана емес, басқа адамдарға да зиынын тигізетінін" мәлімдеген.

Кәсіпкер Нұрлан Биялдилов Айдын Егеубаевтың үстінен "абыройы мен қадыр-қасиетін қаралайтын және "Бәтуа" компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жала жабу сипатындағы мәлімет таратты" деп айыптап, шағым түсірген. Шағымданушылар соттан белсендіден 87 миллион теңге (шамамен 261 мың доллар) материалдық шығын мен моральдық зардап ретінде тағы бір миллион теңге (шамамен 3 мың доллар) өндіріп беруді талап еткен.

Жеке айыптау шағымында Newtimes.kz сайтында "қытайлықтар Қазақстан жерін ендігі иеленіп алғаны туралы" мақала шыққаны айтылады. Шағымда сонымен қатар "Бәтуа" компаниясын құрушылар қатарында Қытай азаматы жоғы" да айтылады. Шағымданушы белсенді компанияда қытайлық азамат барын айтып, компания беделіне нұқсан келтірді дейді.

Егеубаев өзінің айыбын жоққа шығарады. Оның адвокаты Фатима Берсанова жарыссөзде іс материалында жала жабу мен қылмыс жасалғанын дәлелдейтін айғақтар келтірілмегенін және шағымданушының материалдық әрі моральдық шығын тартқанын дәлелдейтін құжаттар да жоғын мәлімдеген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG