Түркіменстанда ұлттық реформалардың мақсатын түсіндіруге арналған жаңа журнал жарық көреді. Жаңа журнал елдің қаржы және экономика министрлігі шығаратын "Алтын ғасыр экономикасы" және "Түркіменстанның салық жүйесі" журналдарының базасында басылып шығады.
Жаңа басылым шығару туралы ұсыныс 17 қарашадағы үкімет отырысында айтылған. Бұл жиналыста президент Гурбангулы Бердімұхамедов әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді насихаттау қажет екенін айтқан.
Жергілікті бақылаушылар "жетістіктерді" насихаттау ұлттық баспасөздің басты қызметі екенін айтады. Ресми баспасөзге жазылуға тұрғындарды міндеттеп отыр. Жергілікті газеттер мен журналдарға жарты жылға жазылу бағасы 70-130 манат (20-37 доллар) тұрады.
Түркіменстандағы ақпарат құралдары жетістіктер туралы ғана жазып жүргеніне қарамастан, ел президенті ұлттық медиа жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеген.
Түркіменстанда 37 газет және 27 журнал бар, ел "Рысгал" басылымынан басқаларының барлығы мемлекеттік БАҚ саналады.