Accessibility links

Әлия Назарбаевa экоұйымдарды басқарады


Әлия Назарбаева, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы.
Әлия Назарбаева, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева Экологиялық ұйымдар ассоциациясының президиумын басқаратын болды.

"Алға қойылған міндеттердің күрделілігін және ниеттің шынайылығын ескере отырып, біз ассоциация президиумын басқаруға Әлия Назарбаеваны шақырдық. Оның елде экологиялық және білім беру бағдарламаларын алға жылжытып, қолдауда орасан зор тәжірибесі бар" деп мәлімдеді ассоциацияның басқарма төрағасы Айгүл Соловьева сәрсенбіде Астанада өткен баспасөз конференциясында.

Ассоциация "жүйелі экологиялық бастамаларды жасап, оны алға жылжыту, Қазақстанда экологиялық таза өмір салтын, экологиялық білім беруді насихаттау және ұлттың экологиялық этикасы мен мәдениетін қалыптастыру алаңына" айналуды көздейді.

Аталған баспасөз мәслиxатына әуелде Әлия Назарбаеваның қатысатындығы жарияланғанымен, соңғы сәтте оның келмейтіндігі белгілі болды.

Әлия Назарбаева - Қазақстан президентінің үшінші, кенже қызы. Оның үлкен әпкесі 2016 жылы күзде президент жарлығымен парламент сенатының депутаты болып тағайындалған. Тағы бір әпкесі Динара Құлыбаева Forbes журналының мәліметінше, Қазақстандағы ең бай әйел саналады. 2017 жылы журнал оның байлығын 2,2 миллиард долларға бағалаған. Ол Kazenergy ассоциациясының төрағасы, Forbes миллиардерлер тізіміне енгізген Тимур Құлыбаевқа күйеуге шыққан.

Әлия Назарбаева соңғы уақытта негізінен кино саласымен шұғылданып жүр. Ол "Қазақфильм" компаниясының сақтардың Тұмар ханшайымы туралы тарихи киносына продюсер болған. Таяуда Алматыда өткен "Еуразия" халықаралық кинофестивалінде ол продбсер болған "Анаға апарар жол" кинокартинасы үшін екі жүлде алған.

ВИДЕО: "Томиристі" Назарбаева түсіріп жатыр (26.09.2017)

"Томиристі" Назарбаева түсіріп жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:55 0:00

XS
SM
MD
LG