Accessibility links

Шахтинск соты: ереуіл тоқтасын


"Тентек" шахтасы аумағының кіреберісінде тұрған шахтерлар мен олардың туыстары. Қарағанды облысы, 12 желтоқсан 2017 жыл.
"Тентек" шахтасы аумағының кіреберісінде тұрған шахтерлар мен олардың туыстары. Қарағанды облысы, 12 желтоқсан 2017 жыл.

Шахтинск қалалық соты "АрселорМиттал Темиртау" (АМТ) компаниясының өтінішін қабылдап, Қарағанды облысындағы төрт шахтада өтіп жатқан "кеншілер ереуілін тоқтатуды" ұйғарып, шешім шығарды. Сот бұл шешімін шахтерлары жалақысын көтеруді талап етіп, жер бетіне шықпай отырған АМТ-ның "ереуілді заңсыз деп тану" туралы шағымын қарау аясында жасады.

Судья Мақсұтов шешімін "Казахстанская", "Шахтинская", "Ленин атындағы", "Тентекская" шахталарында ереуілдеп жатқан кеншілер "өздерінің және өзгелердің өміріне, қымбат құрал-жабдықтың істен шығу қауіпін төндіріп отыр" деп негіздеген.

Ұйғару бойынша, кеншілер шахталардан шығып, ереуілін тоқтатуы керек.

Бүгін Қарағанды облысындағы бірнеше сотқа АТМ-нан шахтерлар наразылығын заңсыз деп табу туралы шағымдар түскен. Бұның алдында компанияның бас директоры Парамжит Калон кеншілер шахталардан шықса ғана келіссөз өтеді деп шарт қойған.

Желтоқсанның 11-і жүздеген шахтер (кеншілердің айтуынша, олардың саны 700-ден асқан) жалақыларын көтеруді талап етіп, жер бетіне шығудан бас тартқан. Олардың зейнетке 50 жастан шығу, 13-ші жалақыны төлеу сынды өзге де талаптары бар.

XS
SM
MD
LG