Accessibility links

Байқоңырдан бүгін ұшпақ зымыран-тасығыштың уақыты шегерілді


Байқоңыр қаласындағы ескерткішке қойылған зымыран. 14 желтоқсан 2017 жыл. (Көрнекі сурет).
Байқоңыр қаласындағы ескерткішке қойылған зымыран. 14 желтоқсан 2017 жыл. (Көрнекі сурет).

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы жоспарланған "Союз-2.1а" зымыран тасығышы ұшпай қалды.

Бұл туралы "Роскосмос" корпорациясы өзінің ресми сайтында хабарлады. "Прогрес МС-08" жүк кораблін ғарышқа алып ұшпақ зымыран тасығыштың ендігі ұшу уақыты 13 ақпанға шегерілді.

Мұның алдында зымыран тасығышты құрастыру 8 ақпанда сәтті аяқталғаны хабарланған. Сонда мемлекеттік комиссия мен техникалық басшылық өкілдерінің жиынында зымырандық кешенді 9 ақпанда старт алаңына қондыру келісіліп, зымыран тасығыш пен зымыран №31 ұшу алаңына қойылған болатын.

Зымыран халықаралық ғарыш станциясындағы экипажға 890 килограмм жанар май, 69 килограмм сығымдалған газ, 420 килограмм су және ғылыми құралдар, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және жеке гигиеналық заттарды тасып апарады.

Зымыранның бүгін ұшпай қалу себебі ретінде қозғалтқыштардың автоматты түрде өшіп қалғаны айтылған. Бұл - Байқоңырдан биыл ұшатын алғашқы зымыран болмақшы.

XS
SM
MD
LG