Accessibility links

ОҚО: 260 ата-ана баласына туберкулезге қарсы екпеден бас тартты


Болатхан Сағымбеков, Оңтүстік Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері. Шымкент, 21 ақпан 2018 жыл.
Болатхан Сағымбеков, Оңтүстік Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері. Шымкент, 21 ақпан 2018 жыл.

«Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы 260 ата-ана түрлі себеппен баласына туберкулезге қарсы екпе салдырудан бас тартты» деп хабарлады 21 ақпан күні облыстық СПИД орталығында өткен брифингте облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Болатхан Сағымбеков.

Бас дәрігердің сөзінше, ата-аналардың барлығы перзентханада екпе егуге қарсылық білдірген. Олардың сексен пайызы діни сеніміне байланысты, қалғандары түсінбеушіліктен бас тартқан.

- Перзентханадан балаға екпе салмай кеткен ата-аналар арнайы есепке алынады. Жылыны бір рет тексеруден өтеді. Егер бұл отбасында бір адам туберкулезге шалдыққан болса, жаңа туған бала дәрігердің бақылауына алынады, - дейді Болатхан Сағымбеков.

Болатхан Сағымбековтың мәліметінше, 2017 жылы 51 бала туберкулез ауруына шалдығып, тіркеуге алынған.

XS
SM
MD
LG