21 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Самарқанға барды. Өзбекстан президентінің сайтының хабарлауынша, Назарбаев өзбек халқын Наурыз мерекесімен құттықтау үшін Самарқанға келген. Оны Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев күтіп алған.
Мемлекет басшылары осыған дейін жасалған келісім-шарттарды жүзеге асыру мәселесін талқылады. Кездесу барысында аймақтағы елдердің, оның ішінде Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасын жақсарту жайы да сөз болған.
Осы сапарында Назарбаев Өзбекстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтаған. Бұл туралы видео Өзбекстан президентінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында жарияланды:
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзияев Хазрат-Хазир кешенін аралап, Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовқа бағыштап құран оқыды. Одан кейін Қазақстан және Өзбекстан президенттері қаланы аралады.
2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып жарияланған. Ал Қазақстанның Өзбекстандағы күндері 2019 жылға жоспарланған.