Accessibility links

Кабул маңындағы жарылыстан бір адам өліп, 13 кісі жараланған


Кабул қаласының шетіндегі қыратта тұрған ер адам. (Көрнекі сурет)
Кабул қаласының шетіндегі қыратта тұрған ер адам. (Көрнекі сурет)

Ауғанстан билігі наурыздың 24-інде Кабул маңындағы наразылар лагерінде болған жарылыстан бір адам қаза тауып, 13 кісі жараланған деп хабарлайды Бұл лагерьді наурыздың басында көрші Пәкістанның астанасы Исламабадта жергілікті полицияның іс-әрекетіне наразылық танытқан пуштундарды жақтайтын ауған белсенділері құрған.

Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігі өкілі Вахид Маджро Кабулдың шығысындағы ауданда жарылыстан зардап шеккендер туралы ақпаратты растаған. Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысының орынбасары Насрат Рахиидің айтуынша, әлдекімдер жарылғыш затты Пәкістанда жалғасып жатқан пуштундардың жаппай наразылық акциясын қолдайтындар тіккен шатырдың жанында жарған.

Ауғанстан парламентінің жоғарғы палатасы наурыздың 18-і күні Ауғанстан мен Пәкістандағы демонстраттарды қолдайтыны туралы мәлімдеген.

Исламабадтағы наразылыққа қаңтар айында полиция Карачидің шығыс бөлігіндегі "терроршылар ұясына қарсы операция" деп атаған шабуыл кезінде пәкістандық 27 жастағы Накибулла Мехсудтың қаза табуы түрткі болған. Полиция Мехсудты "Талибан" қозғалысының мүшесі болған деп санайды, марқұмның туыстары оны жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG