Accessibility links

Нығматулин адвокаттар алқаларының "ауыспайтын басшыларын" сынады


Нұрлан Нығматулин (оң жақта), парламент мәжілісінің спикері.
Нұрлан Нығматулин (оң жақта), парламент мәжілісінің спикері.

"Аймақтарда адвокаттар алқасының президиумдарын ондаған жылдар бойы бір ғана адамдардың басқаруынан заң қызметі мен заң көмегінің сапасы нашарлап барады деп мәлімдеді парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин. Спикер бұл жайында мәжілістің пленарлық отырысында айтты. Жиында "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары алғашқы оқылымда мақұлданған.

- Маңғыстау облысында облыстық адвокаттар алқасы президиумының төрағасы ұйымды 25 жылдан бері басқарып отыр, Алматы облысында, 27 жыл, Атырау облысында 31 жыл. Бұл жайт мұнымен бітпейді, Ақтөбеде 33 жылдан бері басқарып отыр. Бұл нені көрсетеді? Бұл азаматтарға заң көмегін көрсету саласында мүлдем бәсекелестік жоғын білдіреді. Бәлкім, ол адамдар кәсіби мамандар шығар, олардың тәжірибелі екеніне күмән жоқ, бірақ уақыт өзгерді. Қазір барлығын бәсекелестік шешеді және заң көмегін көрсету саласында да дұрыс бәсекелестік болуы тиіс, - деді Нұрлан Нығматулин.

Оның пікірінше, жетекшілер уақытында ауысып отырса сапа артады. Спикер бәсекелестік адвокаттық ортада кәсібиліктің жоғарылауына, азаматтардың сапалы заңгер таңдауына жол ашатынын айтады.

Заң жобасында адвокаттар алқасын басқару органдарында және республикалық адвокаттар алқасында басшылық қызметті атқару мерзімін шектейтін норма қарастырылған.

Әділет министрі Марат Бекетаевтың сөзінше, министрлік адвокаттар жұмысының сапасы төмендеп бара жатқанын байқағандықтан осындай шара қолдануға мәжбүр.


  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG