Accessibility links

Әзімжан Асқаровтың әйелі Қырғызстан президентіне хат жазды


Әзімжан Асқаров, қырғызстандық құқық қорғаушы.
Әзімжан Асқаров, қырғызстандық құқық қорғаушы.

Қырғызстандық қамаудағы құқық қорғаушы Әзімжан Асқаровтың әйелі Хадиша Асқарова Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке ашық хат жазды.

Хатта күйеуінің кінәсі жоғы айтылып, президенттен істі тәуелсіз сарапшыларға жіберуін сұрайды.

Хадиша Асқарова 2010 жылы Ош облысындағы оқиға кезінде Сооронбай Жээнбековтің сол аймақты басқарғанын, бұл оқиғаны жақсы білетінін айтады. Ол президент айыбы жоқ адамдарды жазалауға жол бермейді деп үміттенеді. Хадиша күйеуіне рақымшылық жасаса екен деп тілейді.


Этникалық өзбек Әзімжан Асқаров 2010 жылы жазда Ош облысындағы қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында болған қақтығыстарға қатысты деп айыпталып, өмір бойы түрме жазасына кесілген. Кейін БҰҰ-ның Адам құқықтарын қорғау комитеті құқық қорғаушыны босатуға шақырған. Іс 2017 жылы Шу облыстық сотында қайта қаралып, сот Асқаровқа қатысты үкімді сол күйінде қалдырған.

Қақтығыстардан 450-ден астам қаза тауып, мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Асқаров Жалалабад облысының Базар-Коргон ауданында тұрып, құқық қорғау ісімен айналысқан.

XS
SM
MD
LG