Accessibility links

Қырғызстанда баласын мектепке жібермеген ата-ана сотталды


Қырғызстанның Талас қаласының соты (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның Талас қаласының соты (Көрнекі сурет).

Қырғызстан соты балаларын мектепте оқытудан бас тартқан ерлі-зайыптыны бас бостандығынан айырды. Ыстықкөл аудандық соты 5 сәуірде Азаттықтың Қырғыз редакциясына жергілікті тұрғындар - әйелі мен ерін кәмелетке толмаған балаларын мектепке жібермей қойды деп айыптап, әрқайсысына екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескенін хабарлады. Сот үкімі бойынша, ерлі-зайыптылар жазасын қоныс колониясында өтейді.

Әйелі мен ері Қырғызстанда тыйым салынған "Йакын инкар" исламшыл діни ұйымының мүшелері саналады. Сотталушылардың аты-жөні айтылмайды. Ері сот залында қамауға алынды, ал әйелдің жазасын өтеуі баласы 14 жасқа толатын мерзімге дейін ысырылды.

Мұсылмандар басым тұратын, үкімет негізгі діни бағытқа сай келмейтін діни сенім мен оны ұстануға сақсына қарайтын Қырғызстанда "Йакын инкар" тобын былтыр маусымда сот экстремистік ұйым деп таныған.

XS
SM
MD
LG