Accessibility links

Сот Ардақ Әшімнің қызының арызын қанағаттандырмады


Айнұр Әшім, шымкенттік белсенді Ардақ Әшімнің қызы.
Айнұр Әшім, шымкенттік белсенді Ардақ Әшімнің қызы.

Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты жүйке аурулары ауруханасына мәжбүрлеп жатқызылған шымкенттік белсенді Ардақ Әшімнің қызы Айнұр Әшімованың тергеуші Бақытжан Сыдықовтың үстінен түсірген арызын қанағаттандырмады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Судья Нұралы Сарқұлов Оңтүстік Қазақстан облыстық (ОҚО) ішкі істер департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Бақытжан Сыздықовтың іс-әрекетінде Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 106-бабының тәртібі бұзылғаны анықталмағандықтан Айнұр Әшімованың шағымын қанағаттандырмау туралы шешім шығарған.

Айнұр Әшім арызында тергеуші Бақытжан Сыдықов Абай аудандық сотында өткен отырыста анасы Ардақ Әшімнің құқығын қасақана өрескел бұзып, оның заңды күйеуі мен қызы бар екенін біле тұра жақындығы жоқ Багира Тайырбекованы қорғаушы өкіл ретінде қатыстырғанын айтқан.

Сот шағымды 10 сәуір күні жабық түрде қарай бастаған.

Ардақ Әшім наурыздың 31-і күні Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне тергеу ісі бойынша жауап беруге шақыртумен барған кезде жүйке аурулары диспансеріне еркінен тыс жатқызылған. Абай аудандық соты Ардақ Әшімді жүйке аурулары диспансеріне жатқызу туралы қайлыны 27 наурызда шағырған. Белсендінің туыстары сот шешіміне апелляциялық шағым түсірген.

Бұдан бұрын полиция қызметкерлері Ардақ Әшімнің Шымкенттегі үйін тінткеннен кейін оны облыстық ішкі істер департаментіне апарған. Белсендінің айтуынша, тергеушілер одан Қазақстанда қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қаншалықты қатысы барын сұраған және одан наурыздың 21-і мен 24-і аралығында ешқайда шықпау туралы қолхат алған соң босатқан.

XS
SM
MD
LG