Accessibility links

Өзбекстан TAPI газ құбыры жобасына қосылмақ


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің кездесуі. Ташкент, 23 сәуір 2018 жыл.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің кездесуі. Ташкент, 23 сәуір 2018 жыл.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев өз елінің Түркіменстан - Ауғанстан - Пәкістан - Үндістан газ құбыры жобасына (TAPI) қатысатынын мәлімдеді.

"Өзбекстан TAPI газ құбыры құрылысына қатысады. Біз бұл жобада араласатын жерін табамыз" деді Мирзияев 23 сәуірде журналистермен кездесуінде. Ол TAPI жобасын "Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыратын ауқымды жоба" деп атады.

Оқи отырыңыз: TAPI газ құбыры желісі Ауғанстанға жетті

Өткен аптада Азаттықтың Түркімен редакциясының Түркіменстан үкіметіндегі дереккөзі Гурбангулы Бердімұхамедов Өзбекстанға сапарында Шавкат Мирзияевтен TAPI жобасына көмек көрсетуді сұрамақ екенін хабарлаған.

TAPI жобасының Түркіменстандағы бөлігінің құрылысы 2015 жылы желтоқсанда басталған. Газ құбырының операторы TAPI Pipeline компаниясы Түркіменстаннан Үндістанға газ тасымалдауды 2020 жылдан бастауды жоспарлап отыр. Құбыр іске қосылса, жоспар бойынша Түркіменстанның Галкыныш газ кенішінен жылына 33 миллиард текше метр газ тасымалданбақ.

XS
SM
MD
LG