Accessibility links

Оралда белсенділер мен журналистерді полицияға шақыртты


Мақсат Айсауытов, оралдық белсенді.
Мақсат Айсауытов, оралдық белсенді.

Оралда тұратын азаматтық белсенді Мақсат Айсауытовты Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне (ІІД) шақырып, тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының қызметіне қатыспауды" талап ететін ескерту тапсырды. Айсауытов полицияда өзіне ескерту талабын орындамаса қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы айтқанын хабарлады.

ІІД мұндай ескертуді бұрынғы полицей, 31 мамырда қаладағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына орнатылған саябақта өзін жұмыстан босатқанына наразылық танытқан Әлібек Ерғазиевке де ауызша берді.

Полицияға Орал тұрғыны, бұған дейін қалалық сот алдынде пикетке шыққан Мақсот Көбеевті шақырды. Бірақ ол қалада болмады.

Бұған дейін Айсауытов, Ерғазиев және Көбеев 31 мамыр күні рұқсатсыз қарсылық ақциясын өткізгені үшін бес тәулікке қамалған.

19 маусымда полиция аймақтық "Уральская неделья" газетінің шығарушысы Тамара Еслямова мен газеттің шығарушы редакторы Рауль Упоровты тергеуге шақыртты. Олар Азаттыққа полиция өздерін әлдебір қылмыстық іс бойынша шақырып жатқанын айтады.

Соңғы айларда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚДТ жақтастары қазақстандықтарды қарсылық акциясына шығуға шақырып жатыр.

Биыл 13 наурызда Астананың Есіл аудандық соты тіркелмеген ҚДТ-ны экстремистік ұйым деп танып, ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салған. ҚДТ-ны бұрынғы банкир, 2009 жылдан бері шетелде тұратын әрі Астананы сынайтын Мұхтар Әблязов құрған.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG