Accessibility links

Қазақстанда зейнетақы төлеу тәртібі өзгерді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

1 шілдеден бастап Қазақстанда зейнетақы төлеу жүйесі өзгеріп, әр зейнеткерге жеке төлемақы тағайындалмақ. Бұл туралы Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Жақыпованың сөзінше, зейнетақы көлеміне салымшының еңбек өтілі мен қатысу мерзімі әсер етеді. Жаңаша зейнетақы алу үшін құжат жинау қажет емес. Бұл өзгеріске сәйкес, 2 миллион 148 мың зейнеткердің төлемақысы қайта есептеледі.

- Егер бір әйел (1998 жылға дейін) жұмыс істеп, жиырма жыл еңбек өтілімен зейнетке шықса, оның базалық зейнетақысы соған сәйкес төленеді. Ал ол әйел 1998 жылдан кейін де, зейнетақы жүйесіне салымшы ретінде қатысса, оның жалпы еңбек өтілі 35 жыл болып есептеледі. Базалық зейнетақыны есептеу қазірден басталады. Ол ең төменгі күн көріс деңгейінің 54 пайызы құрайды. Мұндай көлемдегі зейнетақы барлық қазақстандықтарға тиесілі екеніне кепілдік береміз. Егер еңбек өтіліңіз он жылдан аз болса, төлемақыңыз күн көріс деңгейінің ең төменгі деңгейіндегі 15 274 теңге болып қала береді. Егер еңбек өтіліңіз он жылдан асса, әр жылға екі пайыз төлемақы қосылады: 11 жылға – 56 пайыз, 12 жылға – 58 пайыз" деп түсіндірді вице - министр.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда зейнеткерлердің саны екі миллионнан асады. Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамына сәйкес, қазақстандық зейнеткерлердің 44 пайызы күнкөріс минимумының 100 пайызын құрайтын базалық зейнетақы алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG