Accessibility links

Қожамжаров: Бірнеше мың сотталушы түрмеден босайды


Қазақстан Бас прокуратурасы, Астана (Көрнекі сурет).
Қазақстан Бас прокуратурасы, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан бас прокуроры Қайрат Қожамжаров қылмыстық саясатты одан ары ізгілендіру аясында түрмеден "бес мыңға дейін сотталушыны" босату жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бас прокурор бұл жайлы Астанада ведомство жиынында айтты.

Қайрат Қожамжаров биыл жыл басынан бері прокурорлардың қарсылығымен 200-ден астам адамның жазасы жеңілдетілгенін айтты. Оның сөзінше, елде ұсталғандар мен қамалғандар саны азайып келеді, бас прокурордың қарсылығымен Жоғарғы сот 296 сот үкімін өзгерткен. Қожамжаров прокурор қарсылығының нәтижесінде Жоғарғы сот 12 адамды ақтап, 223 сотталушының жазасын жеңілдеткенін хабарлады.

"Қылмыстың 260 түрі бойынша қоғамдық жұмысқа салу, бас бостандығын шектеу жазалары енгізіліп жатыр. 36 қылмыс түрі бойынша айыппұл көлемі азайып, бас бостандығынан айыру мерзімі қысқарып жатыр. Аса ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тартудың ескіру мерзімі бес жылға азаяды", - деді Қожамжаров. Ол нақты қандай қылмыстар бойынша жаза жеңілдетілгенін айтпады. Бас прокурордың сөзінше, тиісті заңға Қазақстан президенті қол қойып қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG