Accessibility links

Атырауда сегіз жасар бала суға батып кетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Атырау қаласындағы Балықшы ауылында сегіз жасар қыз бала суға батып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Департамент мәліметінше, қыз бала кешке қарай ата-анасымен Орал өзенінің жағасына барған.

"Құлама жаға маңында ойнап жүрген бала абайсызда жардан құлап түскен. (Сонда жүргендер) баланы құтқара алмаған. Оқиға болған жерге жеткен құтқарушылар баланың денесін тапты" деп жазылған департамент хабарламасында.


Төтенше жағдайлар депарментінің мәліметінше, Атырау облысында жыл басынан бері 14 адам суға батып кеткен. Оның көбі – балалар.

9 шілде күні Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстанда демалыс күндері 20 адам суға батып кетті деп хабарлаған. Бір аптадан соң - 15 шілдеде комитет Қапшағайда бір күнде төрт адам суға батып кеткені мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG