Accessibility links

Олимпиада жүлдегері Денис Тенді пышақтап кеткен


Денис Тен Пхенчхан олимпиадасында. 13 ақпан 2018 жыл.
Денис Тен Пхенчхан олимпиадасында. 13 ақпан 2018 жыл.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдерегі, Азия ойындарының чемпионы Денис Тенді пышақтап кеткен. Бұл туралы Азаттыққа Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Оқиға 19 шілдеде Алматыда түс ауа болған. Қазір спортшы Алматыдағы №12 қалалық клиникалық ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Азаттыққа: "Операция жасап жатыр. Жағдайы ауыр. Үш литр қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр" деп хабарлады.

Алматы қаласы Ішкі істер департаменті "Денис Тенді автокөлігіне ұрлыққа түспек болған екі адам пышақтағанын" мәлімдеді. Оқиға болғанын Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да Facebook парақшасында растады.

Денис Тен - халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2015 жылғы "Төрт құрлық чемпионатының" жеңімпазы. Биыл Пхенчхан олимпиадасына қатысқан.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жетістіктері.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жетістіктері.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG