Accessibility links

БАҚ: Мәскеудегі АҚШ елшілігінде Ресей тыңшысы жұмыс істеген


Мәскеудегі АҚШ елшілігі алдында тұрған полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).
Мәскеудегі АҚШ елшілігі алдында тұрған полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігінде он жылдан астам уақыт ресейлік тыңшы әйел жасырын жұмыс істеген деп жазды арнайы қызметтегі дереккөздеріне сілтеме жасаған британдық The Guardian басылымы. Мәлімет бойынша, ресейлік әйел тыңшылықпен айналысқан болуы мүмкін. Басылым дипломатиялық миссия қызметкерінің аты-жөні мен оның лауазымын жарияламады.

Болжам бойынша, әйелді жұмысқа АҚШ құпия қызметі алған. Қызметкерге елшіліктің ішкі компьютерлік желісі мен электрондық поштасына кіруге рұқсат берілген. The Guardian тыңшы құпия ақпараттарға, оның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен вице-президент Майк Пенстің жұмыс кестесі туралы ақпарат алып отырған болуы ықтимал.

2016 жылы АҚШ елшілігі жанындағы қауіпсіздік қызметі аймақтық бөлімінің тергеушілері аталған қызметкердің Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) өкілдерімен жиі кездесіп жүргенін байқаған. The Guardian АҚШ құпия қызметі беделіне нұқсан келмеуі үшін ресейлік қызметкерді көпшілікке жария етпестен жұмыстан шығарғанын жазды. Қызметкер 2017 жылы Ресейден америкалық дипломаттар жаппай шығарылатынның алдында жұмыстан босатылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG