Accessibility links

БАҚ: Байқоңырдан "Протон" ұшыру 2026 жылы тоқтатылады


"Протон" зымыраны ғарышқа ұшып барады. Байқоңыр, 12 қыркүйек 2017 жыл.
"Протон" зымыраны ғарышқа ұшып барады. Байқоңыр, 12 қыркүйек 2017 жыл.

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" типтес зымырандарды ұшыру 2026 жылы тоқтатылады. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш министрлігіне сілтеме жасап ресейлік БАҚ хабарлады. Ғарышқа ұшыруды тоқтатқаннан кейін "Протондарды" пайдалану қарастырылмаған.

Бұған дейін "Протон" зымырандары 2023 жылдан бастап қолданыстан шығарылады деп хабарланған. Ол кезге шейін Байқоңыр ғарыш айлағындағы ұшу алаңдарының бірін пайдалану доғарылады делінген. Әйткенмен Ресейдің 2020 жылға дейін Байқоңырдан "Протон" ұшыруды қысқартуды жоспарлап отырмағаны мәлім, бірақ биылғы жылдың соңына қарай олардың қозғалтқышын шығару өндірісі тоқтатылмақ.


"Протон" зымырандары мен оларды ұшырғаннан кейін жақын аумақтағы тұрғындарға аса улы отыны (гептил) тарайтынын экологтар мен құқық қорғаушылар үнемі сынап келеді. 2015 жылы түз жануары – киіктің жаппай қырылуын да кейбір белсенділер гептилден көреді. (Киік қырылуына байланысты тексерудің ресми қорытындысында гептил мен түз жануары арасында байланыс бары анықталмағаны айтылған.) Бұған қоса соңғы бірнеше жылда "Протон" зымырандарымен байланысты бірнеше ірі апат болған, Қазақстан даласына зымыран бөлшектерінің құлауы да жиілеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG