Тәжікстанның Somon Air әуе компаниясы 6 тамызда Душанбе - Бұхара бағытында алғашқы рейсін ұшырды. Тәжікстан мен Өзбекстан арасында осымен үшінші әуе жолы ашылып отыр. Душанбе - Бұхара әуе рейсінің құны 485 сомони (немесе 51 доллар) тұрады.
Тәжікстан әуе билігінің мәліметі бойынша, жақында Өзбекстан қалаларымен әуе байланыстары бұдан ары кеңейеді.
Ұшақ Тәжікстан астанасынан Бұхара қаласына 45 минутта ұшып барады.
28 маусымда Tajik Air әуе компаниясы Душанбе-Самарқанд бағытында жаңа рейсін ашқан. Бұның алдында Somon Air Душанбе мен Ташкент арасында әуе рейсін ашқан.
Өзбекстан мен Тәжікстан арасында автобус және әуе қатынасы 1992 жылы тоқтап қалған еді. Оған Тәжікстандағы азамат соғысы себеп болған. Былтыр сәуір айында екі ел астаналары арасында әуе қатынасы қайта жанданған.
ПІКІРЛЕР