Видеода бірінші хатшы Дінмұхаммед Қонаевтың 1977 жылы қыркүйек айында Көкшетау облысына барған сапары және 1978 жылы қараша айында КПСС Орталық Комитетінің Бас хатшысы Леонид Брежневтің «Тың» кітабын талқылауға арналған республика партия активі жиынында баяндама жасағаны көрсетілген.
Тарихи видеода сол кезде Қазақ ССР Министрлер советінің төрағасы қызметін атқарған Бәйкен Әшімов пен Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Еркін Әуелбеков бейнесі бар. Бәйкен Әшімов 1985 жылы зейнетке шығып, 2010 жылы қайтыс болды. Қазақстанның бірнеше облысын басқарған Еркін Әуелбеков Қонаевтан кейінгі біиліктен үміткерлердің бірі болды деген пікірлер айтылады. 1991-92 жылдары Қазақстан президентінің кеңесшісі болған ол 1999 жылы өмірден озды.
Тың көтерудің және ядролық сынақтардың жалғасуы, Ресей полигондарының қанат жаюы, Арал теңізінің тартылуы, көршілес одақтас елдермен территориялық әкімшілік құрылымдағы өзгерістер, қазақтілді мектептердің жабылуы, мал шаруашылығындағы комсомол-жастар бригадаларының құрылып , насихатталуы және ірі құрылыстар мен өндіріс орындарының салынуы Қазақстанды Қонаев басқарған кезге тұспа-тұс келді. Оның кейбірі Қонаев билікке келгенге дейін басталып кеткен болатын.
Видео Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінен алынды.
ПІКІРЛЕР