Accessibility links

Луценко - Азия ойындарының екі дүркін чемпионы


Алексей Луценко - Джакартадағы Азия ойындарының чемпионы. (Сурет авторы - Сали Сабиев/Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті).
Алексей Луценко - Джакартадағы Азия ойындарының чемпионы. (Сурет авторы - Сали Сабиев/Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті).

Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында екінші алтынын алды. Ол жекелей жарыста жеңіске жетті. Күмісті өзбекстандық Мироджан Калмуратов, қоланы жапониялық Фумиюки Беппи иеленді.

Луценко 23 тамызда өткен топтық жарыста да жеңіске жеткен. Қазақстан велоспортшысы 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында бір рет чемпион болған.

Қазақстан Азия ойындарында 3 алтын, 7 күміс, 19 қола медаль иеленіп, жалпы есепте 11-орында келеді. Қазақстанның алдында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран, Индонезия, Солтүстік Корея, Таиланд, Үндістан, Тайпей, Өзбекстан тұр.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG