Accessibility links

АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясы күшіне енді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Ұлыбританияда ресейлік экс-агент Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Скрипальдің улануына байланысты Ресейге қарсы салған санкциясы 27 тамызда күшіне енді. Бүгін санкция шаралары АҚШ үкіметінің ресми журналы - Федералдық реестрде жарияланды.

Санкцияда Ресейге шұғыл гуманитарлық көмектен басқа барлық сыртқы көмекті - азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу және кез-келген несие мен несиеге кепілдік беруді тоқтату қарастырылған.

Бұдан өзге, санкция бойынша, қару-жарақ пен қорғаныс мақсатындағы өзге де тауарлар жеткізу тоқтатылмақ. Дегенмен, "ұлттық қауіпсіздік мақсатында" ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастық шектелмейді.


Егер Мәскеу алдағы бірнеше айда химиялық және биологиялық қару-жарақты қолданбайтынына кепілдік бермесе, онда санкцияның екінші бөлігі күшіне енеді. Ол бойынша, "Аэрофлот" компаниясы ұшақтарының АҚШ-қа ұшуына тыйым салу және екіжақты сауда көлемін барынша азайту қаралған.

Вашингтон жариялаған санкцияларға байланысты рубль құны қатты түсіп кетті.

Ресми Лондон Скрипальдер уланған "Новичок" уы СССР тұсында жасалғандықтан, қастандыққа Кремльдің қатысы бар деп біледі. Мәскеу Скрипальдерді улауға қатысы барын жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG