Accessibility links

Ресейде айыпталған қазақстандық Еуропа сотына шағымданды


Виктор Филинков, Ресейде ұсталған Қазақстан азаматы
Виктор Филинков, Ресейде ұсталған Қазақстан азаматы

Ресейдегі "Сеть" тобына қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған Қазақстан азаматы Виктор Филинков Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына өзін электр тогымен азаптады деп Ресейге қарсы шағым түсірді. Бұл туралы "Зона права" құқық қорғау ұйымына сілтеме жасаған ресейлік "Коммерсант" басылымы хабарлады.

Филинков Санкт-Петербургтің құқық қорғау органдары мен соты өзін азаптап, психологиялық қысым жасағанын тергеуден бас тартқан соң Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына шағымданып, Еурпоа конвенциясының бұзылғанын мәлімдеді.

Виктор Филинковтің сөзінше, оған кінәсін қинап мойындатқан. Ол Федералдық қауіпсіздік қызметінің өкілдері өкілетін асыра пайдаланып өзіне электрошокер қолданғанын, ас-су бермей, ұйықтатпай қойғанын және психологиялық қысым жасағанын айтады. Алайда, Ресей Тергеу комитеті мен прокуратурасы азаптау туралы қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан, ал сот азаптауды заңды деп таныған.


2017 жылы күзде Пензада фашизмге қарсы алты адам, 2018 жылдың басында Санкт-Петербургте тағы екі адам қамалған. Олардың арасында Қазақстан азаматы, Петропавлда туған 24 жастағы Виктор Филинков та бар. Оған Ресей Қылмыстық кодексінің 205.4-бабы 2-бөлімі (“террорлық қауымдастыққа қатысу”) бабы бойынша айып тағылып отыр.

Тергеу болжамынша, белсенділер "терроризмді насихаттап, қолдауды" мақсат еткен әлдебір топ құрған. "Сеть" ісі бойынша айыпталған Виктор Филинков пен өзге белсенділер тергеу кезінде өздерін қинап, қысым жасағанын мәлімдеген. Ресей билігі бұл айыпты жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG