WADA ұйымы РУСАДА-ға аккредитациясын қайтарды
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Ресейдің допингке қарсы агенттігінің (РУСАДА) статусын қалпына келтірді. WADA-ның тоғыз мүшесі РУСАДА аккредитациясын қайтаруды қолдап, екеуі - қарсы дауыс берген, біреуі қалыс қалған. WADA 2015 жылы Ресей спортында допинг қолдануды мемлекеттің қолдайтыны туралы есебін жариялап, кейін Ресейдің допингке қарсы агенттігінің аккредитациясын тоқтатқан. РУСАДА аккредитациясын қалпына келтіру туралы шешім қабылдау бірнеше рет кейінге қалдырылған. 2018 жылы мамырда РУСАДА-ның WADA талаптарына сай келмейтіні жарияланған. "Настоящее время" - орыс тілінде.
ПІКІРЛЕР