Accessibility links

Bellingcat: "Боширов" – Ресей барлаушысы Анатолий Чепиганың лақап аты


Өзін "Руслан Бошировпын" деп таныстырған адам RT телеарнасына сұхбат беріп отыр.
Өзін "Руслан Бошировпын" деп таныстырған адам RT телеарнасына сұхбат беріп отыр.

Bellingcat және The Insider тобы бірлескен зерттеуін жариялап, "Руслан Боширов" – Ресей әскери барлау басқармасының (ГРУ) полковнигі Анатолий Чепиганың лақап аты екенін мәлімдеді.

Аталған зерттеу ұйымдарының хабарлауынша, бұрынғы ресейлік барлаушы Сергей Скрипальды Ұлыбританияда улады деген күдіктіге Ресей Батыры деген атақ берілген.

Bellingcat "Бошировпен" өте жақын араласатын бірнеше дереккөзіне сілтеме жасайды. Зерттеушілер оның өмірбаянын да анықтаған. Атап айтқанда, "Боширов" Хабаровскіде арнайы қызметтің 14-бригадасында қызмет еткен. Екінші шешен соғысы кезінде маңызды рөл атқарған. Сонымен бірге, 2014 жылдың соңында Ресей-Украина шекарасында көзге түскен.

Зерттеу құжатында "Руслан Боширов" лақап аты 2010 жылы пайда болғанын, сол жылы барлау қызметінің полковнигі аталған аты-жөнге төлқұжат алып, Мәскеуге көшіп барғаны айтылған. 2014 жылы оған Ресей Батыры атағы берілген. Анатолий Чепиганың лақап аты мен оған атақ берілгені жөнінде Қиыр Шығыс жоғары әскери училищенің сайтында жазылған. Журналистер "Бошировқа" ұқсайтын адамды оқу орнының түлектері суретінен анықтаған.

Оқи отырыңыз: Скрипальді улауға күдікті Қазақстанда болған

Британ полициясы "Руслан Боширов" және "Александр Петров" есімді адамдарды Солсбериде ГРУ-дың бұрынғы агенті, Ұлыбритания азаматы Сергей Скрипальге қастандық жасады деп күдіктенеді. "Боширов" және "Петров" есімді адамдар кремльшіл RT телеарнасының сұхбат берген. Сұхбатта олар қастандыққа қатысы барын және Ресей барлауымен қандай да бір байланысын жоққа шығарған. Олар содан бері БАҚ-пе байланысқа шықпаған және олардың қайда екені де белгісіз.

Ресей президенті Владимир Путин де бұған дейін "Петров" пен "Бошировтің" әскери емес, қарапайым адамдар екенін мәлімдеген. Ресей билігі Скрипальдердің улануына қатысы барын жоққа шығарады және Ұлыбританиядан ресейлік мамандарды тергеуге қатыстыруды талап етеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG