Accessibility links

Назарбаев Turkistan экономикалық аймағын құруды тапсырды


Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) Түркістан қаласында жүрген сәті. 29 қыркүйек 2018 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) Түркістан қаласында жүрген сәті. 29 қыркүйек 2018 жыл.

Түркістан облысында іссапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел үкіметіне бір ай көлемінде Turkistan экономикалық аймағын құруды тапсырды. Президенттің жарлығы Ақорда сайтында жарияланды. Аймақты құру жұмыстарын президент әкімшілігі бақылайды.

Назарбаев Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын да мақұлдады.

20 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы болып өзгертілген. Жарлыққа сай, Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG