Accessibility links

Федерация кеңесі зейнет жасы туралы Путиннің ұсынысын мақұлдады


Үкіметтің зейнет жасын ұлғайту жоспарына наразы тұрғындар қарсылық танытып тұр. Мәскеу, 22 қыркүйек 2018 жыл.
Үкіметтің зейнет жасын ұлғайту жоспарына наразы тұрғындар қарсылық танытып тұр. Мәскеу, 22 қыркүйек 2018 жыл.

Ресей Федерация кеңесінің депутаттары қазанның 3-і күні зейнетақы жүйесін реформалау туралы заң жобасына президент Владимир Путиннің енгізген түзетуін мақұлдады. Түзетуді Федерация кеңесінің 149 депутаты қолдап, бесеуі қарсы дауыс берді, үш депутат қалыс қалды. Путин әйелдердің зейнетке шығу жасын әуелде үкімет ұсынғандай 63 емес, 60 жасқа ұлғайтуды ұсынған.

Заң жобасына түзетуді 26 қыркүйекте Мемлекеттік дума мақұлдаған. Мемлекеттік дума бұған қоса зейнет жасына жақындап қалған адамдарды жұмыстан босатқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту туралы заң жобасын үшінші оқылымда бекіткен. Жоба бойынша, зейнетке шығуына бес жыл немесе одан аз уақыт қалған адамдарды жұмыстан босатқаны үшін 200 мың рубльге дейін айыппұл салу немесе 360 сағатқа дейін жұмыс істеуге міндеттеу жазасы қарастырылған.

Шілдеде Ресей парламенті елдегі азаматтардың зейнетке шығу жасын ұлғайтуды, яғни әйелдер үшін - 63 жас, ал ерлерге - 65 жас деп белгілеуді көздейтін үкімет әзірлеген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған. Үкімет реформасына қарсылық танытқан тұрғындар Ресейдің ондаған қаласында наразылық акцияларына шыққан. Қоғамдық сауалнама нәтижелері Ресей президенті Владимир Путиннің рейтингі күрт төмендегенін көрсеткен. Путин 29 тамызда өткен тікелей эфир кезінде әйелдердің зейнетке шығу жасын үкімет жоспарлаған сегіз жылдың орнына бес жылға ұзартуды және үш немесе одан да көп балалы аналарды зейнетке ертерек шығаруды ұсынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG