Путиннің туған күніне "сыйлық"
7 қазан Ресей президенті Владимир Путиннің туған күні бір топ азаматтық белсенді Санкт-Петербургтегі орталық көшелердің бірін жауып, қозғалысқа кедергі келтірді. Акцияға қатысушылар “Ұзақ жыл түрме жазасы берілсін” деген жазуы бар баннер ұстап, көше бойымен жылжып отырды. Акциядан соң төрт белсенді ұсталды: Андрей Граф, Иван Рубцов, Влад Иванчо және Светлана Уткина. Ұсталғандардың айтуынша, акцияны сыртынан жәй бақылаған Андрей және Иванды да полиция ұстаған.