“Біз құрбан болып жұмаққа барамыз, ал олар – тозаққа…”
Сочиде өткен "Валдай" пікірталас клубында Ресей президенті Владимир Путин гипотеза жүзінде ядролық шабуылдың қалай болатыны жайлы айтты. Ол белгісіз "басқыншы" мемлекет пен Ресейдің бір-біріне ядролық соққы жасасуын әлемдік апат деп атады. Жүргізуші Федор Лукьянов Путиннің наурыз айында “Миропорядок 2018” фильмінде айтқан сөздерін мысал ретінде келтірген. Наурыз айында президент теория жүзіндегі ядролық қақтығыстың күрделі салдары туралы айтқан. Одан сәл ертерек Путин халыққа жолдауында жаңа ресейлік зымырандар туралы видео көрсеткен.
ПІКІРЛЕР