Accessibility links

Солтүстік Қазақстан облысында 38 ауыл таратылады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Солтүстік Қазақстан облысында болашағы жоқ ауылдар таратылып, ондағы тұрғын халық өмір сүруге қолайлы басқа елдімекендерге көшіріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

«Бүгінгі таңда облыста тұрғындарының саны он адамнан аспайтын 38 ауылды жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы ресурстарды тиімді жұмсау және қаржыны тек болашағы бар ауылдар мен аудан орталықтарына бөлу туралы айтқан. Тұрғын саны неғұрлым көп болса, жұмыс орны да көбейеді, сонымен бірге шағын және орта бизнесті дамытуға негіз болады» деген аймақ тұрғындарымен кездесуде министр.

Мемлекеттік бюджеттен мектеп, аурухана, балабақша құрылыстарын салуға, жол жөндеуге, сумен қамтамасыз етуге тек болашағы бар ауылдарға ғана қаржы бөлінеді деп жазады жергілікті петропавловск.news сайты.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG