Accessibility links

Парижде полиция демонстранттарға газ шашты


Полиция жанармай салығын көтеруге қарсылық шеруіне қатысушыларға көзден жас ағызатын газ шашты. Париж, 1 желтоқсан 2018 жыл.
Полиция жанармай салығын көтеруге қарсылық шеруіне қатысушыларға көзден жас ағызатын газ шашты. Париж, 1 желтоқсан 2018 жыл.

Франция астанасында полиция жанармайға акцизді қымбаттатуға қарсылық білдіріп, Елисей алаңына баруға әрекет жасаған наразылардың жолын бөгеп, оларға көзден жас ағызатын газ шашқан. Полиция мен наразылар арасында қақтығыс болған. Оқиға барысында кемінде 16 адам ұсталған.

Елдің ішкі істер министрі Кристоф Кастанер бүгін таңертең Елисей алаңында барып, сол жердегі полиция қызметкерлеріне толық қолдау білдіретінін айтқан.

Францияда бірнеше аптадан бері жанармай салығын қымбаттатуға қарсылық акциялары жалғасып жатыр. Наразылар үстіне сарғылт жилет киіп, автокөлік жолдары мен жанармай бекеттеріне кіреберісті жапқан. Билік наразылық шеруіне шығатындар саны кеміп келе жатқанын айтады. Алайда өткен аптада Парижде наразылық демонстрациясы тәртіпсіздіктерге ұласып, 100-ден астам адам ұсталған. Билік оңшыл және солшыл радикалдар наразылық шеруін өз мақсатына пайдалануға тырысады дейді.

Франция билігі жанармайға салық мөлшерін көбейту туралы шешімді ауаны ластауға қарсы күресу үшін және көліктің экологиялық таза түрлерін дамыту мақсатында қабылдағанын айтады. Салықты көтеруге қарсы франциялықтар қымбатшылық ең алдымен кедейлер мен орта тапқа қиын тиетінін айтады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG